Adaldyq alańy

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

Академиялық Ұлттық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Тіл-татулық тірегі

        5-қыркүйек Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында онлайн форматта «Тіл-татулық тірегі» тақырыбында әңгіме шолу өткізілді.

Ядролық қарусыз-болашаққа

Биыл Семей полигонының  жабылуына  30 жыл толып отыр. Осы елеулі оқиғаға  байланысты  2021 жылдың 27 тамызында  «Адалдық алаңы» жобасы аясында,«Парасат жолы» бұрышында онлайн форматта «Ядролық қарусыз-болашаққа» тақырыбындеа ақпараттық сағат өтті.

Айбары асқақ-Ата Заң

        2021 жылдың  27 тамызында  «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында  ҚР Конституция  күніне орай  «Айбары асқақ-Ата Заң» атты дөңгелек үстел өтті.  Мақсаты: ҚР конституциясының тарихына шолу жасау,маңызы мен мәнін айшықтау. Оқырмандарды Ата Заңымызды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу ;

Жыр аққуы

        2021 жылдың  25 тамыз  «Адалдық алаңы» жобасы аясында,  «Парасат жолы» бұрышында   қазақтың жыр аққуы атанған ақын қызы Марфуға Айтқожинаның 85 жылдығына  орай  онлайн форматта «Жыр аққуы» атты поэзия  сағаты өтті. Мақсаты:  ақынның өмірі мен шығармашылығымен  таныстыру

Тұғырлы тұлға

2021 жылдың 13 тамызында кітапханада, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында  журналист, жазушы, публицист, ақын, сыншы, ғалым Тұрсын  Жұртбайдың 70 жылдығына орай «Тұғырлы  тұлға» атты танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: жазушының  өмірі мен  шығармашылығымен таныстыру;

Әнге ғашық-Латиф Хамиди

«Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында композитор, педагог, ҚазКСР-інің халық артисі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ халық музыкасын жинаушы Латиф Абдулхаевич Хамидидің туғанына 115 жыл толуына орай «Әнге ғашық-Латиф Хамиди» тақырыбында презентация.

Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес күніне орай 2021 жылдың 16 шілде күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Сыбайлас жемқорлық-әлеуметтік қасірет» тақырыбында танымдық презентация. 

«Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» танымдық сағат

2 шілде – Нұр-Сұлтан күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Нұр-Сұлтан болашақтың қаласы» атты танымдық сағат өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушыларды әсем қаламыз Нұр-Сұлтанмен таныстыру. 

«Қасиетті киелі-қазақтың қара домбырасы» музыкалық сағат

Ұлттық домбыра күнінеорай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Қасиетті киелі-қазақтың қара домбырасы» музыкалық сағат өткізілді. Аталған іс-шара қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес

Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.