Adaldyq alańy
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.
Академиялық Ұлттық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Тәуелсіздіктің мызғымас төл рәміздері
3 маусым күні «Адалдық алаңы» жобасы «Парасат жолы» бұрышында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздіктің мызғымас төл рәміздері» тақырыбында патриоттық кеш өткізді. Мақсаты: жастарды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу;
Қазақтың қанатты қызы
2022 жылдың 13 мамыр күні «Адалдық алаңы» жобасы «Парасат» жолы» бұрышында қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, ҚР Халық қаһарманы Хиуаз Қайырқызы Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай кітапханада «Қазақтың қанатты қызы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
«Діни экстремизм-рухани дағдарыс»
2022 жылдың 18 сәуір күні діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік әрекеттерді болдырмауға және терроризмнің таралуын алдын-алу мақсатында «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Парасат жолы» бұрышында «Діни экстремизм-рухани дағдарыс»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: экстремизм,терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру.
Көркем сөздің жұлдызы
2022 жылдың 15 сәуір күні кітапхананың оқу бөлімінде «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында жазушы, драматург, ҚР халық жазушысы Сафуан Шаймерденовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Көркем сөздің жұлдызы» тақырыбында әдеби сағат өткізілді.
Ақынның өмірі-мәңгілік
2022 жылдың 8 наурыз күні ақын Төлеген Айбергеновтің туғанына 85 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Ақынның өмірі-мәңгілік» еске алу кеші өткізілді.
«Дулат Бабатайұлы-азаттық ақыны»
2022 жылдың 9 ақпан күні көрнекті ақын Дулат Бабатайұлының туғанына 220 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Дулат Бабатайұлы-азаттық ақыны» атты тарихи-танымдық кеш өтті.
Елбасы еңселеткен-Елорда
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні. Қазақ халқы үшін еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың орны бөлек. Осы мерекеге орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Елбасы еңселеткен-Елорда» тақырыбында кітапхана қызметкерлері мен оқырмандар арасында танымдық сағат өткізілді.
Теңге- мемлекет келбеті
2021 жылдың 15 қараша күні Ұлттық валюта – теңге күні, ҚР қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Теңге- мемлекет келбеті» ақпараттық көрме өткізілді.
Ағартушы ұстаздың өмір жолы
2021 жылдың 2 қараша күні қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында, балалар бөлімі «Ағартушы ұстаздың өмір жолы» атты тәрбие сағатын өткізді.
Рухани келісім-бейбітшілік негізі
18 қазан Рухани келісім күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында, кітапхананың оқырмандарға қызмет ету бөлімі «Рухани келісім-бейбітшілік негізі» тақырыбында онлайн форматта ақпараттық сағат өткізді.