Adaldyq alańy
«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.
Академиялық Ұлттық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.
Ұлт денсаулығы-қоғам байлығы
2021 жылдың 17 маусым күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Ұлт денсаулығы-қоғам байлығы» тақырыбында қалалық аурухананың меңгерушісі Мондыбаева Гүлбаршын Қайроллақызымен кездесу өтті.
Мемлекеттік рәміздер-Тәуелсіздіктің белгісі
4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің белгісі» атты патриоттық кеш өткізілді.
Тарихта қалған тағдырлар
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Тарихта қалған тағдырлар» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Парасат жолы-адалдықтан басталады
2021 жылдың 25 мамыр күні кітапханада «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Приозерск қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық бөлім басшысы Рақыш Айдуман Қазбекұлымен «Парасат жолы-адалдықтан басталады» атты кездесу өткізілді.
Достық – біздің тірегіміз
2021 жылдың 30 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында, 1 Мамыр – Қазақ¬стан халқының бірлігі күні мерекесіне орай адамгершілік, сенімділік, бірлік, татулық ұғымдарын қалыптастыру мақсатындағы "Достық – біздің тірегіміз" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
Қазақ музыкасының ғұламасы
2021 жылдың 29 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер, Қазақстанның халық әртісі Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Қазақ музыкасының ғұламасы» атты музыкалық сағат өтті.
Діни экстремизмге жол жоқ!.
2021 жылдың 15 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында діни экстремизм мен терроризмге қарсы күреске орай «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет
2021 жылдың 13 сәуір күні «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында кітапхананың оқу бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық-қауіпті індет» атты дөңгелек үстел өтті.
Күш атасы - Қажымұқан
2021 жылдың 6 сәуірінде "Адалдық алаңы"жобасы аясында кітапхананың оқу залында қазақтың тұңғыш кәсіби балуаны, цирк әртісі Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына арналған "Күш атасы - Қажымұқан" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Академик Зиманов-ғалым, азамат және ғылым абызы
2021 жылдың 2 сәуір күні қалалық кітапхананың оқу бөлімінде заң ғылымдарының докторы, профессор, қоғам және мемлекет қайраткері Салық Зимановтың 100 жылдығына арналған «Академик Зиманов-ғалым, азамат және ғылым абызы» атты ақпараттық сағат өтті.