Астана - ұлы дала елордасы!
«Жаса, жайна ару қалам-Нұр – Султан»
2019 жылдың 10 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласының 21 жылдығына орай «Жаса, жайна ару қалам – Нұр-Сұлтан» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.
Жұлдызды қала – Астана
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде еліміздің бас қаласы Астанамыздың туған күні құрметіне орай «Жұлдызды қала-Астана» атты танымдық көрме ұйымдастырылып, оқушылар қиялынан туған шығармашылық жұмыстар оқырмандар назарына ұсынылды. Аталмыш шара қаламыздағы №2 мектеп және «Достық» шығармашылық орталығы жанынан құрылған лагерь оқушыларының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімді қалыыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Астана жайында мағлұмат беру. Астананың көрікті, әсем жерлерімен таныстыру.
Ел жүрегі-Астана
2018 жылдың 3 шілде күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Астана күніне орай «Ел жүрегі-Астана» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қаладағы жастар ресурстық орталығының «Жасыл Ел» жасақтары қатысты.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының орталығы Астана қаласын мақтан тұта білуге тәрбиелеу және Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу.
«Астана-болашақтың қаласы»
2018 жылдың 11 маусым күні Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Астана-болашақтың қаласы» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараға №2 мектептің оқушылары қатысты.
Мақсаты: Балаларға еліміздің бас қаласы –Астана туралы мәлімет беру. Отанға туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,өз елінің отанын сүйетін патриот болуға тәрбиелеу.
Астана
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.
Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады.
Астана Қазақстанның орталығынан солтүстікке қарай құрғақ далалық өлкеде, құрғақ бозды-бетегелі дала аймағында орналасқан. Қала аумағы аласа терраса – жайылма жер бедері түрінде келеді. Есіл өзені елорданың басты су көзі саналады.
№ |
Өткізілетін іс-шара |
Жұмыстың түрі |
Мерзімі |
Өтетін орны |
Жауапты
|
1 |
«Жұлдызды қала-Астана» |
Шығармашылық жұмыс |
6 шілде |
Балалар бөлімі |
Кітапханашы |
2 |
«Астана-Қазақстан тәуелсіздігінің символы» |
Кітап көрмесі |
6 шілде |
Оқырмандарға қызмет ету бөлімі |
Кітапханашы |
3 |
«Ел жүрегі –Астана» |
Дөңгелек үстел |
6 шілде |
Оқу залы |
Кітапханашы |