Бір ел - бір кітап

Үміт үзгім келмейді

2018 жылғы «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінің ұйымдастыруымен  Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, түрколог-ғалым  Немат Келімбетовтің  «Үміт үзгім келмейді» атты шығармасын насихаттау  бойынша   тақырыптық кеш өткізілген болатын. Іс-шараға 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Жазушының  баға жетпес әдеби мұрасы – көркем туындылары мен аудармалары, ғылыми-зерттеу еңбек­тері мен мақалалары – дүниежүзілік мәдениет пен әдебиетке асыл қазына болып қосылғанын дәріптей отырып,  Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов «Ерлік пен даналық дастаны» деп жоғары бағалаған «Үміт үзгім келмейді» кітабын оқуды ұсыну. 

Жауынгер және жазушы Б.Момышұлы

2018 жылдың  19 қыркүйек күні  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі бойынша  танымдық кеш өтті. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірінен қысқаша айту, ерлігі мен шығармаларын түсіндіру; оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру; әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгеру;

Дана сөздің дарасы

2018 жылы   ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жыл сайынғы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында үш бірдей  қазақ ақын-жазушыларының еңбектері таңдалды.

Соның бірі қазақтың рухани мәдениетіне  зор үлес қосқан ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын  насихаттау үшін  2018 жылдың шілде  айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде ақын, аудармашы,тарихшы, философ,сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Дана сөздің дарасы» тақырыбында дөңгелек үстел  ұйымдастырылды. Іс шараға кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.

Мақсаты: Шәкәрім шығармаларын оқыту арқылы  оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып,адамгершілік,еліне,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Үміт үзгім келмейді

2018 жылдың  8 маусым күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашысы Ж.Досмуратова  қаладағы № 1 мектептің 10 сынып оқушылары арасында Республикалық  «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында таңдалынып алынған жазушы, аудармашы, профессор Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» хикаят-монолог кітабына әңгіме-талдау өткізді.

Ұшқан ұя

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында

2018 жылдың 18 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары М.Айтжанова , А.Жалдикараеваның ұйымдастыруымен  10 сынып оқушылары арасында аты аңызға айналған, Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған оқырмандар  конференциясы өтті.

Мақсаты: Бауыржан Момышұлының өмірінен қысқаша айту, ерлігі мен шығармаларын түсіндіру; оқушыларды Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» әңгімесімен таныстыру; әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгеру.

Ерлік ұрпаққа мұра

2018 жылдың 11 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде   «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында  аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған «Ерлік ұрпаққа мұра» атты  естелік сағаты өтті. Іс-шараға  № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.

Мақсаты:  Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру; мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту;  оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту. 

Адамгершілік ақ жолға...

2018 жылы  ақпан  айында  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жыл сайынғы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында үш бірдей  қазақ ақын-жазушыларының еңбектері таңдалды.

Соның бірі қазақтың рухани мәдениетіне  зор үлес қосқан ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын  насихаттау үшін  2018 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде ақын, аудармашы,тарихшы, философ,сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Адамгершілік ақ жолға» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке № 2 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.

«Одна страна- одна книга» - 2018

Қазақстанда  республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.  Акцияның  мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша  2018 жыл таңдауы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары таңдап алынды.

«Алаш идеясының жаршысы»

«Бір ел - бір кітап» акциясы,  «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. 2017 жылдың 14-қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Алаш идеясының жаршысы» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты.