Новые книги
Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы. 5 том: Роман және заман.
Кітапта қазақ романдарының теориялық мәселелері, жанрлық өзгешеліктері, тың жетістіктері сөз етіледі. Автордың роман жанры туралы нақтылы байқаулары, ойлары мен қорытындылары оқырманды қызықтыра жетелеп отырады. Қазақ әдебиетін биік идеялық – көркемдік белеске көтерген ұлы шығарма – М.Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясына байыпты талдау жасалады.
Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы. 4 том: Түбі бір түрікпіз.
Р.Бердібай бұл кезге дейін қазақ әдебиеттануында тым аз айтылып келген түрік халықтарының рухани, мәдени бірлігі мәселесін жаңа қырларынан сипаттайды. Кітапта түркі халықтары эпосының терең тамырлы түбірлері мен өзара байланыстары «Орхон ескерткіштері», «Манас», «Қорқыт ата кітабы», «Көроғлы», «Алпамыс батыр», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Едіге батыр» т.б. дастандардың генезисі мен ортақ сарындарын талдау арқылы көрсетілген. Сондай – ақ рухани құндылықтарды елдің өз мүддесі мен мақсаты тұрғысынан қарап бағалау, түрік халықтарын төл өркениеттің дәстүрінде баулу мәселелері көтеріледі.
Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы. 3 том: Кәусар бұлақ.
Рахманқұл Бердібайдың он томдық шығармалар жинағының үшінші томында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиеті кеңінен қарастырылып, салыстырылып, олардың бір – бірімен байланыстыра, өзінен кейінгі әдеби дамуға игі ықпал жасап келе жатқандағы жайлы маңызды қорытындылар жасалынады.
Бердібай Р. Он томдық шығармалар жинағы. 2 том: Гүлстанның бұлбұлдары. Жұлдыздар жарығы.
Бұл томда түркі әлемінің Жүсіп Баласағұн, Ахмет Йасауи, Низами, т.б түркі әлемі даналарынан бастап, басқа да Шығыс ақындарының, сондай – ақ туысқан елдер әдебиеттеріне түрік Юнус Емре, ұйғыр Біләл Назымдай алыптарын зерттеу, тәржімалау жұмысын жолға қою мәселелері, қазақтың Бұқар жыраудан бергі ұлы жыршы – жырауларынан бастап, Жамбыл Жабаев, Асқар Тоқмағамбетов сияқты әдебиет өкілдерінің шығармаларына жан -жақты, егжей – тегжейлі талдау жасалады.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 4 – том. Жиырмасыншы ғасыр: Роман – эпопея.
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 4 томына «Жиырмасыншы ғасыр» романының 1кітабы берілген.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 3 – том. Тау жолы. Роман.
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 3 томына «Тау жолы» романы берілген.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 1 – том. Әңгімелер, повестер.
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 1 томына әңгіме, повестері берілген.
Досанов С. Он екі томдық таңдамалы шығармалары: 2 – том. Екінші өмір: Роман.
Қазақтың әйгілі жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың және М.Шолохов ат.Халықаралық сыйлықтың лауреаты С.Досановтың он екі томдық шығармаларына таңдамалы еңбектері енгізілді.
Жазушының 2 томына «Екінші өмір» романы берілген.
Тарази Ә. Шығармалары.
«Көк Аспанда қырағы көз бар» атты бұл кітапқа көрнекті қаламгер, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Әкім Таразидің бірнеше роман, әңгімелері топтастырылған. Жазушы қаламынан туған шығармалардың тілі шұрайлы, ойы орамды.
Тоқаев К. Шығармалары.
Бесінші томға қаламгердің «Замандастар сыры» атты деректі жазбалары еніп отыр. Мұнда ол соғыс жылдарында туысқан Украина жерінде қайсарлық танытып күрескен партизандар өмірін байсалдылықпен әңгімелейді.