Новые книги

Тоқаев К. Шығармалары.

Қаламгердің бұл 4 томына адалдық пен әділдікті, батылдық пен тапқырлықты арқау еткен шынайылығы әсерлі шытырман оқиғалы «Сарғабанда болған оқиға», «Көшкен үйдің қонысы қайда?», «Таудағы жаңғырық», повестері мен «Көмескі із», «Солдат қабірінің басында» «Жұлдызды жорық» әңгімелері енді.

Тоқаев К. Шығармалары.Қаламгердің бес томдық шығармаларының 3-томына «Ұясынан безген құс» романы мен «Қастандық» повесі енді.

Қаламгердің бес томдық шығармаларының 3-томына «Ұясынан безген құс» романы мен «Қастандық» повесі енді.

Тоқаев К. Шығармалары.

Көрнекті қаламгер Кемел Тоқаевтың бес томдық шығармалар жинағының 2-ші томына «Соңғы соққы» романы берілді.

Астана. Путеводитель.

Путеводитель по Астане освещает все нюансы поездки в столицу Казахстана. Из него можно узнать, как удобнее прибыть в Казахстан, как оптимально спланировать посещение Астаны. Достопримечательности Старого города и Левого берега, отели и рестораны, бары и кинотеатры -  все это будет легко найти гостю столицы с помощью этого издания.

Добро пожаловать в Астану!

 

Әшімбаев С. Шығармалары.

Өмірден ерте кетсе де артында мол рухани мұра қалдырған белгілі әдебиет сыншысы, мемлекет және қоғам қайраткері Сағат Әшімбаевтың үш томдық шығармалар жинағының бұл бірінші томына туған әдебиетіміздің толғақты мәселелері, сол уақыттағы ақын-жазушыларымыздың жеткен жетістіктері мен кемшіліктері жайлы 1967 жылғы студент кезінен бастап 1980 жылдар аралығында жазған әдеби сын мақалалары мен ой-толғамдары енгізілді. Қазақ әдебиетінің өткен жолынан тағлымды сыр шертетін бұл тамаша еңбектер кеше қандай қажетті болса, бүгін де сол мән-маңызын, өміршеңдігін жойған жоқ.

Салғараұлы Қ. Өмірбаян туған күннен басталады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Күлтегін сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі ғалым әрі жазушы Қойшығара Салғараұлының бұл жинағына қазіргі таңда «түріктес», «түркітілдес» деп танылып жүрген халықтардың арғы ата – бабаларының естен өшкен ескі замандардағы тарихына қатысты әлем халықтарының мифологиясындағы тарихтық, тілдік деректерді және көне жазба мұралар берер мәліметтерді бүгінгі археология, лингвистика, генетика, тарих ғылымдарының жетістіктерімен сабақтастыра талдау арқылы осы кезге дейін айтылмай келген мәселелерге қатысты өзіндік жаңа, тың пайымдаулар жасайды.

Трагедия казахского аула. 1924- 1934.

Во втором томе документальной серии «Трагедия казахского аула. 1928 - 1934» публикуются документы, освещающие процессы кардинальных преобразований в жизни традиционного казахского аула: насильственную коллективизацию, ликвидацию байства, оседание.

Астана: өлеңдер мен әндер.

Жиырма жыл ішінде әсем шаһарға айналып үлгерген бас ордамыз жан дүниесі нәзік шығармашылық иелерін қанаттандырып, оларға тың тақырып, жаңа серпін берді. Қара сөздің қайнарынан нәр алған ақындар ойлы да отты жырларымен арқа төсіндегі көрікті қаланы жырмен өрсе, композиторлар бас қаланы назға да сазға толы рухты әндерімен тербеді. Осы жылдар ішінде елорда туралы қаншама шырайлы, шынайы дүние­лер туды. Соның бір парасы осы жинаққа еніп отыр.

Кітаптың алғы сөзін ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлы жазыпты. Ол «Астанадай аймаңдай қаланың болашағына үлкен құрметпен қарау – ұлттың әр перзентінің қасиетті борышы! Соның ішінде ақынжүректі пенденің махаббаты бөлекше боларын ел біледі. Алты құрлық көз тігіп отыр­ған Алтын орданың заңды жалғасы, әлемге тарыдай шашыраған әр қазақ баласының арқасүйері, келешек ұрпақтың кемел болашағы ол – жалғыз тұғыр, жалқы шың – Астана болмаққа керек» деп төгілтіп жазыпты.

Нұржеке – ұлы Бексұлтан. Өнер мен өмірі.

Жазушының бұл жинағына өнер және өнерпаздар туралы жазған әңгімелері, естеліктері және зерттеулері топтастырылды.

            Ұлттық өнердің өсіп – өркендеуіне зор үлес қосқан Сегіз сері, Ақын Сара, Әсет Найманбайұлы, Жамбыл Жабаев, Кенен Әзірбаев т.б. жайында тың ойлар мен пікірлер айтылады.

Сарай Ә. Шығармалары.

ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Сарай Әнес Төлендіұлы – «Еділ-Жайық» трилогиясы, «Теңіз сарыны» дилогиясы, «Тосқауыл» романдарының авторы. Жазушының он жеті томдық шығармаларының бірінші томына «Қараша өткен соң», «Тырналар жоғары ұшқан жыл», «Бозқырау» првестері мен «Мазасыз түн», «Домбыра», «Құмдар билейді», «Қобызшы», т.б. әңгімелері ніп отыр. Тілі шұрайлы, әдеби көркем туындылар көпшілік оқырманға арналған.