"Шебер қолдар" үйірмесі
Сәндік қолданбалы-өнер элементтері
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 2019 жылдың 15 тамызында «Сәндік қолданбалы – өнер элементтері» атты шеберлік сабағы өтті.
Ою-өрнек бастырмалары
«Шебер қолдар» үйірмесінің кезекті шеберлік сабағы «Ою-өрнек бастырмалары» тақырыбына арналды. «Шебер қолдар» үйірмесі сабағының негізгі бағыты үйрету, оқыту, игерту болып табылады.
«Ертегілер әлемі»
«Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде «Шебер қолдар» үйірмесі талапты да дарынды, белсенді оқырмандарымен жазғы демалыс кезеңінде де өз жұмысын жалғастырып келеді. Тұрақты оқырмандарымыз бен үйірменің тұрақты мүшелері маусым айында жапсырмалау жұмысы бойынша: қағаз,мата,түрлі түсті қағаздан ертегілер әлеміне көрініс құрастыруды үйренді.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер (түрлі материалдан қиып жапсыруды үйрету)
Балалар бөлімінде ұйымдастырылған «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» атты шеберлік сағатының мақсаты: оқырмандарды ұлттық киім түрлерімен таныстыру, әйелдер мен ерлер киімдерін түрлі материалдан пішуді, сонымен қоса киім үлгілерінің эскизін салып, оны нақышына келтіре қиып, жапсыруға үйрету. Оюдың түрлерімен таныстыру. Оюдың да өзіндік ерекшеліктерімен таныстырып, ұлттық салт – сананы бойларына сіңіру.
«Ынта –ықыласын білу»
Балалар бөлімінде 2019 жылдың қаңтар –ақпан аралығында еңбекке, түрлі бұйымдар жасауға,ой-өрісін,шеберлігі мен дағдысын арттыруда қазақ халқының өнерін санасына сіңіре отырып,бар затты ұқсата білуге,сол заттың қадір-қасиетін ұғындырып,күнделікті өмірде қолдана білуге көмектесетін «Шебер қолдар» -шығармашылық үйірмесі өз жұмысын жалғастыру үшін, 6 жас пен 14 жас аралығындағы оқырмандар арасында «Ынта –ықыласын білу» сауалнамасын жүргізген болатын.
Оригами
«Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері 1-7 сынып аралығындағы оқушылармен толықты. Жыл басындағы үйірме жұмысы жаңадан жазылған оқушылардың оригами әдісін үйренуден басталды.
Мақсаты: енді дамып келе жатқан өнер түрлерімен таныстырып, оларды оқушыларға игерту. Қағаздан бұйым жасаудағы шеберлік деңгейін арттыру арқылы, қолөнердің бір түрі «Оригами» өнері туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Ана-өмір бастауы
Үйірме шеберлері 8-наурызға арналған мерекелік көрменің жұмысын бастап кетті. Фатима, Назерке, Інжу, Жансая және Ерсұлтан аналарына арнап суретті плакат дайындауда... Оларға оқу бөлімінің кітапханашысы Айтжанова Майра шеберлік сағатын өткізді. Плакат бетіне салынған суретті ұсақ моншақтармен және фломастермен безендіруде.
Шебер қолдар үйірмесі
Шебер қолдар үйірмесі талапты да дарынды, белсенді оқырмандарымен жазғы демалыс кезеңінде де өз жұмысын жалғастырып келеді. Тұрақты оқырмандарымыз бен үйірменің тұрақты мүшелері әртүрлі тұрмыстық қалдықтардан, қағаздан түрлі бұйымдар және қарындаш салғыш қорапша жасауды үйренді.
Сиқырлы шеберхана «Ертегі галереясы»
2017 жылдың 7 сәуірде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде кітап апталығының бесінші күні Сиқырлы шеберхана «Ертегі галереясы» атты шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Шеберлік сағатына 4-6 сынып оқушылары қатысты.