Бір ел - бір кітап

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2015 г.

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2015 жылы бүкіл ел болып оқуға Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер, қазақ совет қаламгерлерінің ішінде алғашқылардың бірі болып тарихи романдар жазып, әлемге танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы таңдалғаны туралы хабарлама Ұлттық академиялық кітапхана сайтында жарияланды. Бұл таңдау классик жазушы, ғажайып сөз зергері Ілияс Есенберлиннің 100 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО аясында дүниежүзілік дәрежеде аталып өтуімен және жоғарыда аталған тарихи оқиғалармен тұспа-тұс келіп отыр.