«Сырлас» клубы

Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария

1 қазан- Халықаралық қарттар күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында  2018 жылдың  27 қыркүйек  күні   «Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария» атты кездесу кеші өтті.  Кешке «Сырлас» клубының мүшелері мен мектеп оқушылары қатысты. 

Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу.

«Әжелер – көңілдің ажары»

2018 жылдың 19 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Сырласу» клубының  мүшелерімен «Әжелер – көңілдің ажары» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік іс – шараға клубымыздың белсенді мүшелері қатысып, мерекенің сәнін кіргізді. Әжелеріміз шашу шашып, аталарымыз ақ батасын жаудырды.

Іс-шара қызықты өтті. Балалар ата-әжелеріне өз өнерлерін көрсетті.

«Сырласу» клубы

№

Іс-шара атауы

Өткізу формасы

Мерзімі

Жауаптылпр

1

«Әжелер көңілдің ажары»

 

Мерекелік кеш

22.03.2018ж

Оқырмандарға қызмет ету бөлімі

2

«Имандылық-қастерлі қасиет»

 

Имандылық сағаты

22.06.2017ж

Оқырмандарға қызмет ету бөлімі

3

«Конституция-Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»

 

Дөңгелек үстел

30.08.2018ж

Оқырмандарға қызмет ету бөлімі

4

«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»

 

Мерекелік кездесу

01.10.2018ж

Оқырмандарға қызмет ету бөлімі

«Қарттарым – асыл қазынам»

2017 жылдың 3 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1- қазан  Халықаралық  қарттар  күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс- шараға «Сырлас» клубының мүшелері және оқушылар қатысты.

         Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.

2017 жылдың 7 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сырлас» клубының мүшелерімен бірге  8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай   «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.

ҚАРТТАР СӨЗІ-АСЫЛ ҚАЗЫНА

Елімізде 1-қазан күні атап өтілетін Қарттар күні алдын ала мерекеленіп, егде  жастағы адамдарға  құрмет  көрсетіле  бастағаны  баршамызға мәлім. Бұл мерекеден біздің қаламызда тыс қала қоймайтыны белгілі. Осыған орай 2016 жылдың 29-қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Қарттар сөзі-асыл қазына» атты кездесу кеші өткізілді. Жалпы іс-шараны өткізу барысында жас жеткіншектерді үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу басты мақсат етіп қойылған. Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе ата мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол өз үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп қазағым бекер айтпаған.

Ана әлемнің шуағы

2016 жылдың 8 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Сырлас клубының мүшелерімен «Ана әлемнің шуағы» атты мерекелік кездесу өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарымызды мерекемен құттықтау, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету .