«Сырлас» клубы

«Қариялар-қоғамның бағдаршамы»

Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатырған салтымыз. 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай кітапхананың «Білім» орталығында «Қариялар-қоғамның бағдаршамы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Ана-өмір гүлі

Қалалық кітапханада ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 – наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған «Ана-өмір гүлі» мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Имандылық-инабаттылық мұраты

2022 жылдың 14 сәуір күні кітапхананың «Білім» орталығында тарих пәнінің мұғалімі Давлятярова Мария Баймуратовнаның жетекшілігімен, №2 мектептің 9-сынып оқушыларының қатысуымен «Имандылық-инабаттылық мұраты» тақырыбында имандылық сағаты өткізілді.

Наурыздың ғасырлық дәстүрлері

2022 жылдың 15 наурыз күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр мен ғұрып» жобасы аясында қалалық кітапхананың «Білім» орталығында Наурыз мерекесіне орай «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру, ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу.

Имандылық-ізгілік негізі

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. 2021 жылдың 15 шілде күні кітапхананың «Білім» орталығында, «Сырлас» клубының мүшелері мен кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Имандылық-ізгілік негізі» атты имандылық сағаты өткізілді.

Қарттарым-асыл қазынам

2021 жылдың 1 қазанында «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым-асыл қазынам» атты мерекелік кеш өткізілді. Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.

Наурыз-құт береке бастауы

22 наурыз Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-құт береке бастауы» атты мерекелік кеш өтті. Мерекелік кештің мақсаты: қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Іс-шараға: «Сырлас» клубының мүшелері және кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

Еліміздің бойтұмары-ел бірлігі

2020 жылдың 28 ақпан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Білім орталығында Алғыс айту күні   Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерейтойына арналған «Еліміздің бойтұмары-ел бірлігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға қаладағы Ардагерлер ұйымы және Сырлас клубының мүшелері қатысты.

«Қарттарға құрмет-ұрпаққа міндет

2020 жылдың 30 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Білім» орталығында  1 қазан- Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарға құрмет-ұрпаққа міндет» атты мерекелік  кеш өтті. Іс-шараға «Сырлас» клубының мүшелері  қатысты.