Жас толқын
Өлеңім-өмірімнің айнасы
«Адалдық алаңы» жобасы, «Парасат жолы» бұрышында ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай кітапхананың оқу залында «Өлеңім-өмірімнің айнасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.
Сырбай Мәуленов- лирик ақын
Қазақстанның Халық жазушысы, аса көрнекті қазақ ақыны Сырбай Мәуленовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Сырбай Мәуленов-лирик ақын» тақырыбында поэзия кеші өткізілді.
Өнер бағының бұлбұлы
2022 жылдың 3 мамыр күні қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері, КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Жасынқызы Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай «Өнер бағының бұлбұлы» танымдық кеш өткізілді. Шараның мақсаты - көпшілік қауымға КСРО халық әртісі, Күләш Байсейітованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру және мұраларын насихаттау.
Жыр-ғұмыр
2022 жылдың 4 наурыз күні ақын, қарымды қаламгер, журналист Жеңіс Қашқыновтың туғанына 80 жыл толуына орай кітапхананың оқу залында «Жыр-ғұмыр» тақырыбында әдеби-сазды кеш өткізілді.
Қазақ поэзиясының сөнбес шамшырағы
Қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілі, халқымыздың дарынды ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ поэзиясының сөнбес шамшырағы» атты поэзия кеші өткізілді.
Мукагали-мәңгілік ғұмыр
2021 жылдың 5 ақпан күні кітапханамыздың "Білім" орталығында қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай "Мұқағали-мәңгілік ғұмыр" атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға «Жас толқын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.
Казағым менің-Куляш Ахметова
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Күләш Ахметова биыл 75 жасқа толып отыр.
Осыған орай 2021 жылы 22 сәуірде қаланың No1 орта мектебінде «Қазақым менің-Күләш Ахметов» атты поэзия сағаты өтті. Шараға «Жас толқын» клубының мүшелері қатысты.
Қасиетті киелі-қазақтың қара домбрасы
Ұлттық домбыра күніне орай, «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Қасиетті киелі-қазақтың қара домбырасы» музыкалық сағат өткізілді. Аталған іс-шараға «Жас толық» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.
Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім
2020 жылдың 22 желтоқсан күні Приозерск қалалық кітапханасының «Білім» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы бойынша Ұлы Отан Соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Тұлғасы тұнған тәлім, есімі елге мәлім» атты тарихи кеш өтті. Іс-шараға «Жас толқын» жас ақындар клубының мүшелері қатысты.
2019 жыл – Жастар жылы
2019 жылдың 30 мамырында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Жас толқын» жас ақындар клубы мүшелерінің қатысуымен «2019 жыл - Жастар жылы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.