Ура! Поступление новых книг!

Мұртаза Шерхан

Таңдамалы.

Қазақ әдебиетіне  Сәбит, Ғабит, Ғабиден бастаған алыптар шоғырыеың ізін ала келген үркердей топтың көрнекті өкілдерінің бірі, белгілі көркемсөз шебері, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның бұл жинағына әңгімелері, хикаяттары, драмаллық туындылары, бірді-екілі романдары еніп отыр «Әдебиет –апрдың ісі» дегендей, бүкіл шығармашылық ғұмырында жазу өнеріне соншалықты жауапкершілікпен, ыждағаттылықпен қарап көркемдіктің биік шыңы бағындыра білген айтулы қаламгердің туындылары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды десек, артық айтқандық емес. Көркем шығармашылықты жемісті қоғамдық  қызметімен ұштастыра білген автордың азаматтық болмысы, парасат-пайымы еліміз тәуелсіздік алған кезеғде жарқырай көрінеді.

Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы

Кітапқа Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «тіл - құрал»  атты тіл танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлес т.с.с. енгізіліп отыр. Еғбекте қазақ тіл білмінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы түпнұсқамен салыстырыла отырып, өзгерістері бары сараланып, жинақталып беріліп отыр. Кітап тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға филология факультетінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.

Аққұлы Сұлтан Хан

Әлихан Бөкейхан. Қазақ жерінің жоқшысы

Бұл томда Алаш көшбасшысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан өмірі мен қызметінің 1917-1922 жылдарды қамтитын «Алаш Орда» және 1922-1937 жылдары қамтитын «Мәскеу қапасы» деп шартты түрде аталған екі кезеңі сипатталады.  «Алаш Орда» кезеңінде бұрынғы Қазақ хандығы қирандысынан кейін ұлттық мемлекет іргетасы қайта көтерілсе, мемлекетшілдіктің іргесін нығайтуда, сын тезіне салуда «мәскеу қапасы» кезеңінің баға жетпес зор тарихи маңызы болды.

Кітап ЮНЕСКО «шынайы әлемдік даңқты қайраткер» таныған Ә.Н.Бөкейханның туғанына 150 жыл толуы аясында шығып отыр.

Қалығ оқырман қауымға арналған.

Өтен Ахмет

Шығармалар

Жазушы шығармаларының екінші томына қырыққа жуық әңгімесі мен аудармалары еніп отыр. Онда мезгіл жағынан жарты ғасырдан астам уақыт қамтылып, студент, шахтер, құрылысшы, шопан, балықшы, мұғалім, шенеунік, қуғын-сүргін құрбаны, жауынгер солдат, депутат сынды қоғамдық ортада алуан түрлі орны бар адамдар өмірінен сыр шертіліп, солардың әр қилы тағдырлары арқылы әр түрлі саяси-әлеуметтік ахуалды бастан кешкен еліміздің бүкіл тіршілік тынысының кең панорамасы жасалған. Сонымен қатар әңгімелерде ұлт тағдыры, елдік мәселелер де қозғалады.

Кітап көркем әдебиетке қызығушылық танытатын барша оқырманға арналған.

Асқар Дүйсенбі

Аңыздар мен абыздар

Ғылыми жинақта аңыздық тұлғалар мен тарихи заманалар шежіресін, ел мен жердің сырлы құпиясын баяндайтын ғылыми ойталғаулар мен ел жадындағы ескі әнгімелердің мәтіндік нұсқалары топтастырылып сараланған. Бұл кітапты қазақ  ауыз әдебиетінің тарихын тануға талпынған  ізденушілер мен түркологиялық жәдігерлерді зерттеуге арналған түрлі бағдарламалар құрастырушыларға, ЖОО студенттеріне аңыздық проза саласы бойынша жүргізілетін дәрістерде, арнайы курстар мен семинарларда пайдалануға көмекші құрал ретінде ұсынуға болады.

Аккулы Султан Хан

Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель. 2

Новейшая история Казахстана, начинающаяся с декабря 1917 года, имела своего подлинного творца. Созидателем этих исторических событий, заложивших основу современного Казахтана, являлся Алихан Нурмухамедулы букейхан. Его имя, его многогранная научная, литературно-публицистическая, общественно-политическая деятельность а так же его богатейшее творческое наследие находились под запртом более 70 лет. Его самого пытались вычеркнуть из истории и памяти народа.Но он продолжал жить в его памяти как подлинный творец истории казахов начала ХХ века,как лидер национально-освободительбной борьбы, как основатель, глава Казахского государство, послужившее надежным фундаментом, основой современного Казахстана.

Аккулы Султан Хан

Алихан Букейхан. Собиратель казахских земель.

Алихан Нурмухамедулы Букейхан (1866-1937) – знакомая фигура в истории современного Казахстана. Будучи самой упоминаемым и популярным деятелем из казахов в начале ХХ века, находясь в самой гуще поворотных событий началаХХ века, он остается самой малоисследованной и наиболее загадочной исторической фигурой. Он был подлинным творцом казахской истории начала ХХ века, которому удалось объединить свой народ, добиться его самоидентификации, создать единую нацию под именем Алаш и возродить из руин Казахского ханства современное казахское государство.

Книга предназначена для широкого круга читателей.

Сөз сыны

Бұл жинаққа әлем халықтарының мақал-мәтелдері, әр дәуірде өмір сүрген ойшылдардың, қаламгерлердің, ғалымдардың қанатты сөздері енгізілді. Мұндай сөздерде тілдің табиғаты, адам және қоғам өміріндегі орны, ұлтты ұйыстырушылық мақсаты, жаратылысы түсіну мен жеткізудегі мәні туралы айтылған.

Жинақ оқушылар мен студенттерге, сала мамандарына, сондай-ақ тіл тақырыбы қызықтыратын көпшілік оқырман қауымға арналған.

Қазақстанның 70 тарихи орны

Бұл жинаққа еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақтан орын алған атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айрықша маңызға ие болған. Олар небір тарихи оқиғаға, кезеңге байланысты немесе ерте дәуірлерден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер. Қазіргі Қазақстан ономастикасын қалыптастыруда бұл атауларды көшлерге, нысандарға беру жалпымемлекеттік, патриоттық сана-сезім қалыптастыруға оң ықпал етпек.

Жинақ ономастика саласының мамандарына, еліміздің тарихы мен табиғаты қызықтыратын жалпы көпшілік қауымға арналған.

Қазақ сөзі. 1500 сөз

Бұл оқу-әдістемелік құрал қазақ тілінің жиі қолданылатын лексикалық минимумына негізделген. Қазақ тілін базалық деңгейде меңгеруге арналған оқу-әдістемелік құрал 1500 сөзді қамтитын 16 сабақтан тұрады. Оқұ құралында сөздер мен сөз тіркестерін,сөйлем үлгілерін тақырыбына сәйкес мағынасы мен қолданылу аясына қарай дұрыс пайдаланудың тиімді тәсілдері ұсынылады. Оқу-әдістемелік құрал оқытушыларға, әдіскерлерге, тіл үйренушілерге арналған.