Ұлы Жеңіске-76 жыл

Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс

9 – мамыр Ұлы Отан соғысы кезіндегі халқымыздың ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн Ұлы Жеңіс мерекесіне орай, кітапхананың «Білім» орталығында «Теңдесі жоқ тарихи Жеңіс» атты тарихи-танымдық кеш өтті.

Еңсесі биік- Ұлы Жеңіс!

 Жеңіс туы желбірегеніне – 77 жыл. Мамыр айының 6- сі күні, тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор осынау айтулы датаға орай кітапхананың «Білім» орталығында Ұлы Жеңістің 77 жылдығына арналған «Еңсесі биік- ұлы Жеңіс!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шараның мақсаты – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, Ұлы Отан соғысын басынан өткерген ардагерлерге құрмет көрсету; 

«Еңсесі биік Ұлы Жеңіс!» бейнеролик

«Еңсесі биік Ұлы Жеңіс!» бейнеролик

Ерлікке тағзым

2021 жылдың  23 маусым күні Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай «Ерлікке тағзым» онлайн форматта ақпараттық сағаты өткізілді.    Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды , халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өскелең ұрпақты адамгершілікке, Отан сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысында асқан ерлік көрсеткен ержүрек бабаларымыз жайлы мағлұмат беру, еліміздің батырларын, соғыс ардагерлерін құрметтеуді үйрету.

Отты жылдар шежіресі

Жеңіс туы желбірегеніне – 76 жыл.   Мамыр айының 6- сі күні, тәуелсіз еліміз үшін маңызы зор осынау айтулы датаға орай кітапхананың «Адалдық алаңы» жобасы аясында, «Парасат жолы» бұрышында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына арналған «Отты жылдар шежіресі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ұлы Жеңіс

Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай «Ұлы Жеңіс» атты бейнеролик.  Мақсаты: Жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, батырлардың ерлігін жастарға үлгі өнеге ету.

Ұлы Жеңіс аман болсын!

2021 жылдың 5 мамырында Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай кітапхананың балалар бөлімінде "Да здравствует Великая Победа!" атты №2 жалпы білім беретін мектептің 5 сынып оқушыларының қатысуымен ерлік сағаты өтті.

Отан үшін от кешкендер

2021жылдың 7  мамырында көпшілік оқырмандар үшін «Отан үшін от кешкендер» атты Ұлы Жеңістің 76 жылдық мерейтойына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: өскелең ұрпақты Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, патриоттық тәрбие беру. Кітап көрмесіне кітапхана қорындағы кітаптар қойылды.