Бір ел - бір кітап

Өнер-білім бар жұрттар

2021 жылдың 24 қараша күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, балалар бөлімі бойынша, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған шығармалардың бірі, аудармашы, жазушы, ақын, ағартушы-ұстаз, қазақтың тұңғыш ұлттық педагогикасының негізін салушы Ыбырай Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар» өлеңін жатқа айту.

Менің Қазақстаным

2021 жылдың 22 қараша күні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, поэзия бөлімі бойынша, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған шығармалардың бірі, ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденовтің «Менің Қазақстаным» өлеңін жатқа айту. 

Желқайық

2021 жылдың 8 қараша күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, проза бөлімі бойынша, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған шығармалардың бірі, жазушы, аудармашы Тұрысбек Сәукетайдың «Желқайық» романына әдеби сағат өткізілді. Мақсаты: кітап оқуды насихаттау, қоғамда оқуға деген қызығушылықты арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуына ықпал ету.

Жекпе-жек

2021 жылдың 29 қазан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, балалар бөлімі бойынша қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Бердібек Соқпақбаевтің «Жекпе-жек» кітабына тәрбие сағаты өткізілді.

Достояние души

2021 жылдың 26 қазан күні  кітапханада  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Бір ел, бір кітап» акциясы, поэзия бөлімі бойынша Бақытжан Канапияновтың «Достояние души» кітабына поэзия сағаты өткізілді.

       Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқылуға тиіс кітаптың бірі Б.Қанапияновтың «Достояние души» кітабын кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Жарқыраған мың күн

2021 жылдың 20 қазан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, аудармалар бойынша Меллат Төлеген. Халид Хоссейни «Жарқыраған мың күн» кітабына танымдық сағат өткізілді.

Айна ғұмыр

       2021 жылдың 14 қазан күні «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы, драматургия бөлімі бойынша жазушы, драматург Рахымжан Отарбаевтың «Айна ғұмыр» пьесалар жинағына онлайн форматта әңгіме-диалог өткізілді. Мақсаты: «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында оқылуға тиіс кітаптың бірі Р.Отарбаевтің «Айна ғұмыр» кітабын кеңінен насихаттап, халықтың оқуға деген қызығушылығын арттыру

Алабуга аулаған күн

2021 жылдың  28 қыркүйегінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы балалар әдебиеті бөлімі бойынша  жазушы  Толымбек Әбдірайымның «Алабұға аулаған күн» кітабына  онлайн түрде  әңгіме талдау өтті. 

Қасірет пен тағдыр

2021 жылдың  20 қыркүйегінде  Тәуелсіздіктің  30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы проза бөлімі бойынша жазушы С.Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты романы бойынша оқырмандар конференциясы  ұйымдастырылды. Іс-шараға  № 2 мектептің жоғары сынып оқушылары қатысты.

Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап

2021 жылдың  26 тамызында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында, жалпыхалықтық оқуға ұсынылған «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы проза бөлімі бойынша жазушы,Ю.Серебрянскийдің «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет жайлы кітап»  атты кітабына презентация. Бұл кітап тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиетінің дамуына арналған.