Бір ел - бір кітап

«Алаштың дүлдүл ақыны»

26 сентября  2017 года  библиотекари  КГУ «Приозерская городская библиотека»  М.Айтжанова, А.Жалдикараева в школе № 1 провели вечер поэзии «Алаштың дүлдүл ақыны»   с учениками  9 классов.

2017 жылдың 12 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Исманбетова А,Жалдикараева А қаладағы №1 мектептің 7 сынып оқушылары арасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Тора

Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады. 

«Бір ел – бір кітап» акциясы-2017

Құрметті оқырмандар!
«Бір ел-бір кітап» акциясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Баршаңызды Сұлтанмахмұт шығармаларын оқуға шақырамыз!

Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  оқырмандарға қызмет ету бөлімінде 2016 жылдың 20 қазанында жылдағы дәстүр бойынша  «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты «Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері» атты тәрбие сағаты өтті. Өткізілген іс – шараға 30 оқырман  келіп қатысты. 

Дулат тағылымы

«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде 2016 жылдың 28 қыркүйегінде «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Дулат тағылымы» атты дөңгелек үстел өтті. 

Мақсаты: ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген кемел ақын Дулат Бабатайұлының «Өсиетнама» кітабын таныстыра отырып, жыл бойы оқуға шақыру.  Сонымен қатар, шығармаларының өміршеңдігін, маңыздылығын, келер жас ұрпаққа түсіндіру, оның толғаулары арқылы шынайылыққа, шыншылдыққа ұлттық және патриоттық сезімге баулу. 

«Бір ел- бір кітап» акциясы – 2016 жыл

Әлеуметтік-мәдени акция  - Қазақстан  Республикасының  Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен  2007 жылдан бастап өткізіліп келеді.   Аталмыш акцияның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды оқуға, кітапханаға тарту. 

«БІР ЕЛ - БІР КІТАП» АКЦИЯСЫ - 2016 жыл

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясын Ұйымдастыру комитетінің шешімімен жыл кітабы ретінде, яғни 2016  жылы бүкіл ел болып оқуға зар –заман  ақындарының арасындағы жарық жұлдыз – Дулат Бабатайұлының  «Өсиетнама» кітабы жыл бойы оқылатын болды. Дулат Бабатайұлы ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. 1880 жылы қазанда жарық көрген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.