«Сырлас» клубы
«Сырласу» клубы
|
№ |
Іс-шара атауы |
Өткізу формасы |
Мерзімі |
Жауаптылпр |
|
1 |
«Әжелер көңілдің ажары»
|
Мерекелік кеш |
22.03.2018ж |
Оқырмандарға қызмет ету бөлімі |
|
2 |
«Имандылық-қастерлі қасиет»
|
Имандылық сағаты |
22.06.2017ж |
Оқырмандарға қызмет ету бөлімі |
|
3 |
«Конституция-Қазақстан халқы бірлігінің кепілі»
|
Дөңгелек үстел |
30.08.2018ж |
Оқырмандарға қызмет ету бөлімі |
|
4 |
«Көп жасаған қария, ақылы теңіз дария»
|
Мерекелік кездесу |
01.10.2018ж |
Оқырмандарға қызмет ету бөлімі |
«Қарттарым – асыл қазынам»
2017 жылдың 3 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1- қазан Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Іс- шараға «Сырлас» клубының мүшелері және оқушылар қатысты.
Мақсаты: оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.
2017 жылдың 7 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Сырлас» клубының мүшелерімен бірге 8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесіне орай «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты мерекелек кеш өткізілді.
ҚАРТТАР СӨЗІ-АСЫЛ ҚАЗЫНА
Елімізде 1-қазан күні атап өтілетін Қарттар күні алдын ала мерекеленіп, егде жастағы адамдарға құрмет көрсетіле бастағаны баршамызға мәлім. Бұл мерекеден біздің қаламызда тыс қала қоймайтыны белгілі. Осыған орай 2016 жылдың 29-қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде «Қарттар сөзі-асыл қазына» атты кездесу кеші өткізілді. Жалпы іс-шараны өткізу барысында жас жеткіншектерді үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, халқының салт-дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу басты мақсат етіп қойылған. Кімде кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе ата мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол өз үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар»-деп қазағым бекер айтпаған.
Ана әлемнің шуағы
2016 жылдың 8 наурыз күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде Сырлас клубының мүшелерімен «Ана әлемнің шуағы» атты мерекелік кездесу өтті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналарымызды мерекемен құттықтау, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету .