Бір ел - бір кітап
Ерлік ұрпаққа мұра
2018 жылдың 11 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде «Бір ел, бір кітап» акциясы аясында аты аңызға айналған Қазақ халқының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасына арналған «Ерлік ұрпаққа мұра» атты естелік сағаты өтті. Іс-шараға № 2 мектептің 9 сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Б. Момышұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталу, мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру; мазмұнын, тақырыбы мен идеясын ашу, кейіпкер бейнесін терең таныту; оқушылардың тілін, сөздік қорын дамыту.
Адамгершілік ақ жолға...
2018 жылы ақпан айында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының жыл сайынғы Республикалық "Бір ел - бір кітап" акциясы аясында үш бірдей қазақ ақын-жазушыларының еңбектері таңдалды.
Соның бірі қазақтың рухани мәдениетіне зор үлес қосқан ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығын насихаттау үшін 2018 жылдың 18 сәуір күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің балалар бөлімінде ақын, аудармашы,тарихшы, философ,сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай «Адамгершілік ақ жолға» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды. Әдеби кешке № 2 мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.
«Одна страна- одна книга» - 2018
Қазақстанда республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға деген жәрдемдесу болып табылады.
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша 2018 жыл таңдауы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары,Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітаптары таңдап алынды.
«Алаш идеясының жаршысы»
«Бір ел - бір кітап» акциясы, «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай «Жыл кітабы – 2017» таңдауына ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу ұсынылды. 2017 жылдың 14-қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде С.Торайғыровтың шығармашылығына арналған «Алаш идеясының жаршысы» атты поэзия кеші өтті. Іс-шараға № 1 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты.
«Алаштың дүлдүл ақыны»
26 сентября 2017 года библиотекари КГУ «Приозерская городская библиотека» М.Айтжанова, А.Жалдикараева в школе № 1 провели вечер поэзии «Алаштың дүлдүл ақыны» с учениками 9 классов.
2017 жылдың 12 мамыр күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары Исманбетова А,Жалдикараева А қаладағы №1 мектептің 7 сынып оқушылары арасында «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша Сұлтанмахмұт Тора
Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
«Бір ел – бір кітап» акциясы-2017
Құрметті оқырмандар!
«Бір ел-бір кітап» акциясында «Алашорда мемлекетінің 100 жылдығына» орай 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде көрнекті қазақ демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын оқу таңдалды. Баршаңызды Сұлтанмахмұт шығармаларын оқуға шақырамыз!
Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқырмандарға қызмет ету бөлімінде 2016 жылдың 20 қазанында жылдағы дәстүр бойынша «Бір ел- бір кітап» акциясына байланысты «Дулат поэзиясының көркемдік ерекшеліктері» атты тәрбие сағаты өтті. Өткізілген іс – шараға 30 оқырман келіп қатысты.