Adaldyq alańy

«Парасат жолы» – адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба.

Академиялық Ұлттық кітапханада ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұлова мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – азаматтық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ынтымақтастықты нығайту, парасаттылық идеологиясын ілгерілету және кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру.

Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс

2023 жылдың  25 сәуір күні  Адалдық алаңы «Парасат жолы» бұрышында  Алаш қозғалысының  қайраткері, ғұлама ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, педагог, дәрігер, профессор Халел Досмұхамедұлының туғанына 140 жыл толуына орай « Ұлт тәуелсіздігін аңсаған арыс» тақырыбында тарихи-танымдық сағат өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары  қатысты. Мақсаты:  Алаш қайраткері Х.Досмуханбетовтың өмірбаяны, шығармашылығы, ғылыми қызметтері және  мемлекетке сіңірген еңбегі туралы  айту;

Ақын трагедиясы

 Наурыздың 14 күні кітапхананың оқу бөлімінде «Парасат жолы» бұрышында ақын, әнші және сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Ақын трагедиясы» атты әдеби кеш өткізілді.

Ақында сыр болмайды айтылмаған

2023 жылдың 7 наурыз күні қазақ ақыны, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдіраштың туғанына 75 жыл толуына орай «Парасат жолы» бұрышында №1 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ақында сыр болмайды айтылмаған» атты әдеби кеш өткізілді.

Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым

2023 жылдың 22 ақпан күні «Парасат жолы» аясында мемлекет қайраткері Шабден Ералиевтің туғанына 125 жыл толуына орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Тарихқа құрмет, ерлікке тағзым» тақырыбында тарихи кеш іс-шарасы өткізілді.

Аналар бейнесінің алтын діңгегі

2023 жылдың 9 қаңтар күні «Парасат жолы» бұрышында актриса, Қазақ КСР-інің халық артісі Бикен Ырымқызы Римованың туғанына 100 жыл толуына орай «Аналар бейнесінің алтын діңгегі» еске алу кеші өткізілді.

Азаттықты аңсаған Алаш

2022 жылдың 8 желтоқсан күні «Парасат жолы» бұрышында Алаш ұлттық автономиясының, Алаш партиясының және Алаш үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай «Азаттықты аңсаған Алаш» тақырыбында тарихи сағат өткізілді. Іс-шараға қаламыздағы № 44841 әскери бөлімнің сарбаздары қатысты.

Таңбалы тарланның өлмес мұрасы

2022 жылдың 16 қараша күні «Парасат жолы» бұрышында жазушы, қоғам қайраткері Жайық Бектұровтың туғанына 110 жыл толуына орай «Таңбалы тарланның өлмес мұрасы» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Әлем таныған Әуезов

2022 жылдың 26 қыркүйек күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында, «Парасат» жолы бұрышында қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Әлем таныған Әуезов» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Имандылық-адам көркі

2022 жылдың 12 шілде күні «Адалдық алаңы» жобасы «Парасат» жолы бұрышында «Имандылық-адам көркі» әңгіме шолу өткізілді. 

Өлеңім-өмірімнің айнасы

«Адалдық алаңы» жобасы, «Парасат жолы» бұрышында ақын, драматург, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай кітапхананың оқу залында «Өлеңім-өмірімнің айнасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді.