Кітапхана жаңалықтары

Желтоксан-Тәуелсіздік бастауы

Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай «Адалдық алаңы» жобасы аясында «Парасат жолы» бұрышында «Желтоқсан-Тәуелсіздік бастауы» бейнеролик. Мақсаты: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының болу себептерін және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіну, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету.

Тәуелсіздік-қасиет тұнған ұлы ұғым

2021 жылдың 14 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-ның «Білім» орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік –қасиет тұнған ұлы ұғым» атты мерекелік кеш өткізілді.

Тәуелсіздік-Елімнің ерлік жолы

2021 жылдың 13 желтоқсан күні кітапхананың балалар бөлімінде «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру, әлем таныған ел екенін дәлелдеу, білімдерін кеңейту.

Желтоксан құрбандары

2021 жылдың 13 желтоқсан күні Желтоқсан оқиғасына 35 жыл толуына орай қаламыздың №1 жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Желтоқсан құрбандары» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.

Тюркская история-Амир Темир

2021 жылдың 30 қараша күні атақты монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі Әмір Темірдің туғанына 685 жыл толуына орай «Түркі тарихындағы-Әмір Темір» тарихи кеш өткізілді.

Кел, балалар оқылық

Фестиваль барысында қатысушылар шығармалардан үзінділер оқып, ән шырқайтын "Ашық микрофон" атты іс-шара өткізілді. Ыбырай Алтансариннің туғанына 180 жыл толу қарсаңында "Кел, балалар оқылық"кітабынан үзінді таңдап,мәнерлеп оқытуды жөн көрдік. Бұл ашық микрофонның мақсаты-кітапқа деген қызығушылықты теңестіру, оқу мәдениетін тәрбиелеу және ұжымшылдық рухын дамыту.

Әскери техника саяхаты

Фестивальдің қорытынды бөлімінде "Айбын" командасының құрамымен қаламыздың әскери техникасына саяхат жасалды. Бұл іс – шараның мақсаты-оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету, оларды дәстүрлерге баулу, балалардың туған қаласы мен өлкесіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, мәдени-тарихи және рухани мұраға ұқыпты қарауды қалыптастыру.

Фестивальдің соңында балаларға лотореялық ойындар ойнатылып, сыйлықтар таратылды

Кубик-рубик

«Кубик – рубик"  сайысына аналитикалық ойлау қабілеті бар балалар қатысты. Осы "ойыншықтың" көмегімен кеңістік, логика, ойлау және моторикамен байланысты мидың қабілеті дамиды. 

Мультфильм "Кайтпас қайсар"

Робототехника және ғылыми университет туралы "Қайтпас қайсарлар" мультфильмі.  Мультфильмді көрсету үшін тиісті оргтехника қолданылды, онда балалар анимация арқылы роботтардың жасалуын көрді. 

Ғылым мен техника уақытты жылжытады

2021 жылдың 26 қарашасында КММ-нің « Приозерск қалалық кітапханасы» балалар бөлімінде  "Ғылым мен техника уақытты жылжытады"атты балалар кітабы мен оқуды жетілдіруге арналған ауқымды фестиваль өткізілді.

Робототехника бұрышы

Роботтар бүгін біздің өмірімізге түрлі салаларда енді, сондықтан біздің қаламызда балаларға арналған "Робототехника" үйірмелері бар. 

Химиялық тәжірибелер

Оқырмандардың қызығушылығын арттыру үшін қызықты химиялық тәжірибелер қойылған бұрыш ұйымдастырылды. 

Әмір Темір жорықтары

2021 жылдың  29 қараша күні Орта Азия мемлекетінің қайраткері, қолбасшы Әмір Темірдің туғанына 685 жыл толуына орай «Әмір Темір жорықтары» кітап көрмесі. Мақсаты: Әмір Темірдің шыққан тегі және оның Орта Азияны билеген тұсында жасаған шапқыншылық жорықтары мен оның зардаптары туралы толық түсінікті қалыптастыру.

Егемен ел және Елбасы

2021 жылдың 29 қараша күні ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Егемен ел және Елбасы» атты құрмет көрсету көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Балаларға базарлық

2021 жылдың 18 қараша күні балалар жазушысы Қастек Баянбайдың туғанына 85 жыл толуына орай кітапхананың балалар бөлімінде «Балаларға базарлық» тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараға № 1 мектептің оқушылары қатысты.