Ұранды елдің-ұрпағы қайсар
Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу
Оқушылардың бойында Отан сүйгіштік қасиеттерін қалыптастырып, еліміздің Тәуелсіздігін қадірлей отырып, оны қорғай білуге тәрбиелеу
1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Ынтымақ -достық кепілі» тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
2023 жылдың 26 сәуір күні кітапхананың оқу бөлімінде жазушы Ақан Нұрмановтың туғанына 90 жыл толуына орай "Құланның ажалы» романына талдау жасалды. Жазушының «Құланның ажалы» романына талдау жасау, өмірі мен шығармаларын еске алу және дәріптеу; жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейте отырып, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа, адамгершілікке, елін сүюге тәрбиелеу мақсатында өткізілген мәдени шараға № 1 мектептің оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қатысты.
23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау» күніне орай қалалық кітапханада «КІТАП шоу 2023» фестивалі өткізілді. Кітапхана алаңында «Ғажайып кітап әлемі», «Ақпарат айдынында» кітап, мерзімді басылым көрмелері және «Оқы және өзгеге сыйла» буккросинг ұйымдастырылды. Фестиваль барысында түрлі танымдық шаралар өткізілді.
2023 жылдың 18 сәуір күні кітапхананың «Білім» орталығында Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, А. Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, қазақстандық жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері Қасым Қайсеновтың туғанына 105 толуына орай « Халық қаһарманы» атты әдеби кеш өткізілді. Іс-шараға 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілер мен «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.
2023 жылдың 15 сәуір күні кітапханада кеңес заманындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халқымыздың руханиятын жаңа сапалы биікке көтеруге мол үлес қосып, артына елеулі қазына қалдырған жазушы Қалмақан Әбдіқадыровтың туғанына 120 жыл толуына орай «Қасиет қонған Калмахан» атты тақырыптық кеш мектеп оқушыларының қатысуымен өтті.
12 сәуір - Ғарышкерлер күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен «Ғарыш көрген үш қазақ» тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.
2023 жылдың 3 сәуір күні кітапханада 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары
Қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар. Бұл - әр адамның еңбегіне, ата-тегіне, туыстық қатынастығына сай жасалатын алысберіс, сый-сыяпат ретінде берілетін тарту-таралғы. Мұның әр түрлі жoлдармен жасалатын реті болады.
2023 жылдың 20 наурыз күні кітапханада Наурыз мерекесіне орай «Жыл басы-Наурыз» дивертисмент кеші өтті.
"Әз Наурыз-жақсылықтың бастауы" бейнеролик
21 Наурыз – «Ұлттық тағамдар күні» орай кітапханада «Ұлттық тағам-ұлт мақтанышы» тақырыбында ұлттық тағамдардың ішіндегі дәмді де, сүйкімді тағам Ми палау дайындалды. Бұл да ұлттық тағамдардың ішіндегі тіл үйірер дәмділерінің бірі. Кітапханашы бұл тағамның жасалу жолымен бөлісті. Жасалу үшін піскен бастың құлағынан басқа бүкіл құйқасы, ұрт еттері, таңдайы, екі көзі, миы, сондай-ақ жұмсақ піскен бауыр, құйрық май пайдаланылады.
17 наурыз «Тарихқа тағзым» күніне Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатуға белсене катысушы, партия, кенес және мемлекет қайраткері Жанайдар Сәдуақасовтың туғанына 125 жыл толуына орай «Тауқыметті тағдыр, тарихқа айналған тұлға» тарихи кеш өткізілді.
«Табиғат сенің өз үйің» бейнеролик
16 наурыз – Шежіре күніне орай қалалық кітапханада оқырман қауымға «Туысым-түп тамырым, қазағым»