Алғысым шексіз
2024 жылдың 1 наурыз күні кітапхананың «Білім» орталығында Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді
2024 жылдың 1 наурыз күні кітапхананың «Білім» орталығында Алғыс айту күніне орай «Алғысым шексіз» тақырыбында кездесу кеші ұйымдастырылып өткізілді
2024 жылдың 23 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында ІІ қалалық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті
2024 жылдың 15 ақпан күні кітапхананың «Білім» орталығында КСРО халық әртісі, көрнекті театр және кино актері, режиссер Ш.Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай « Қазақ киносының саңлағы» тақырыбында еске алу кеші ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: қазақ киносының саңлағы, дарынды актер, шебер кинорежиссер, Қазақстанның және КСРО-ның Халық әртісі Шәкен Аймановтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ортасы, қызмет еткен орындары туралы рухани білім беру
2024 жылдың 14 ақпан күні Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай кітапхананың «Білім» орталығында «Есімде Ауған соғысы» тақырыбында құрмет кеші өткізілді. Ауғанстан туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, Ауған соғысының ардагерлерін құрметтеу, жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін оятып, Отан үшін отқа түсіп қыршынан қиылған, жат жерде көз мұмған қандас, қарулас азаматтарымызды еске алу, жауынгерлердің қысқа ғұмырынан үлгі-өнеге, тарихи тағылым беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Приозерск горнизонындағы 06708 әскери бөлімдерінің мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілері, қалалық №1 орта мектебінің «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.
2024 жылдың 13 ақпан күні №1 мектебінде мұғалімдердің қатысуымен жазушы, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлына 75 жас толуына арналған «Қаламы қарымды қаламгер» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылып өткізілді.
2024 жылдың 09 ақпан күні №1 мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстанның халық жазушысы Сәкен Жүнісовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шоқтығы биік жазушы» атты тақырыптық сағат өткізілді.
№2 мектеп оқушыларымен атақты әнші, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің туғанына 115 жыл толуына орай « Ән еркесі-Ғарифолла!» тақырыбында сазды – әуен кеш ұйымдастырылып өткізілді.
2024 жылдың 10 қантар күні Батыр, қолбасшы Өтеғұлұлы Өтеген батырдың туғанына 325 жыл толуына орай №1 мектеп оқушыларының қатысуымен «Ерлігі аңызға айналған батыр» тақырыбында тарихи кеш өткізілді.
2024 жылдың 04 қаңтар күні кітапханада Қазақстанның халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Мирас болған мол мұра» тақырыбында әдеби вернисаж ұйымдастырылып өткізілді.
2024 жылдың 3 қаңтар күні кітапханада КСРО халық артисі, Қаз КСР мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі сахна шебері Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғасырдың батыр анасы» тақырыбында ақпараттық кеш ұйымдастырылып өткізілді.
Жазушы, әдебиет сыншысы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Парасат падишасы» атты әдеби кеш өтті
2023 жылдың 25 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамза Есенжановтың туғанына 115 жыл толуына орай «Ғасыр перзенті» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды
2023 жылдың 22 желтоқсан күні кітапханада Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер Әскен Нәбиевтің 100 жылдығына орай « Қос майданның ардагері» тақырыбында портрет кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармалары туралы кеңінен таныстыру;
2023 жылдың 20 желтоқсан күні қазақтың белгілі әншісі,актер, күйші Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Париж аспанын әнге бөлеген» атты әдеби-музыкалық сағат өтті.
2023 жылдың 19 желтоқсан күні «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 100 жылдығына орай «Қазақтың дарынды перзенті» тақырыбында әдеби сағат өтті. Мақсаты: жазушының шығармашылығын оқырмандарға жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;