Кітапхана жаңалықтары

Ғасырдың батыр анасы

2024 жылдың 3 қаңтар күні кітапханада КСРО халық артисі, Қаз КСР мемлекеттік сыйлықтың иегері, әйгілі сахна шебері Сәбира Майқанованың туғанына 110 жыл толуына орай «Ғасырдың батыр анасы» тақырыбында ақпараттық кеш ұйымдастырылып өткізілді.

Парасат падишасы

Жазушы, әдебиет сыншысы, драматургҚазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Асқар Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай «Парасат падишасы» атты әдеби кеш өтті

Ғасыр перзенті

2023 жылдың 25 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Хамза Есенжановтың туғанына 115 жыл толуына орай  «Ғасыр перзенті» тақырыбында әдеби кеш ұйымдастырылды

Қос майданның ардагері

          2023 жылдың 22 желтоқсан күні кітапханада  Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі қаламгер Әскен Нәбиевтің 100 жылдығына орай « Қос майданның ардагері» тақырыбында портрет кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарға жазушының өмірі мен шығармалары туралы кеңінен таныстыру;

Париж аспанын әнге бөлеген

 2023 жылдың  20 желтоқсан күні  қазақтың белгілі әншісі,актер, күйші Әміре Қашаубаевтың туғанына 135 жыл толуына орай «Париж аспанын әнге бөлеген» атты әдеби-музыкалық сағат өтті.

Қазақтың дарынды перзенті

        2023 жылдың  19 желтоқсан күні «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері, жазушы, журналист Өтебай Қанахиннің 100 жылдығына орай «Қазақтың дарынды перзенті» тақырыбында әдеби сағат өтті. Мақсаты: жазушының шығармашылығын оқырмандарға жеткізу, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру;

Адамзаттың Айтматовы

2023 жылдың 11 желтоқсан күні  қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты Шыңғыс Айтматовтың туғанына 95 жыл толуына  орай «Адамзаттың Айтматовы» тақырыбында жазушы бенефисі өтті.

Өмір өрнектері

2023 жылдың  6 желтоқсан күні жазушы Ж.Жұмахановтың туғанына 110 жыл 

СПИД-ғасыр дерті

2023 жылдың  1 желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күніне орай № 1 мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «СПИД-ғасыр дерті» тақырыбында ақпараттық сағат өтті. 

Көркем сөздің тарланы

       2023 жылдың 29 қараша күні қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың туғанына 105 жыл толуына орай «Көркем сөздің тарланы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Такен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылық қызметін оқырмандар арасында кеңінен насихаттау, оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру;

Адуынды ақын,дана жырау

2023 жылдың 22 қараша күні суырып салма ақын Шортанбай Қанайұлының туғанына 205 жыл толуына орай «Адуынды ақын,дана жырау» тақырыбында тарихи сағат өтті. Мақсаты: Ақын Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту;

Төл теңге-Тәуелсіздік тұғыры

2023 жылдың  15 қараша  күні  Ұлттық  валюта-Теңгенің айналысқа енгеніне  30 жыл толуына  орай тәуелсіз Қазақ елінің төл теңгесін жас ұрпақтарға таныстыру, ақшаның пайда болу тарихы өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі туралы мағлұмат беру мақсатында кітапханада «Төл теңге-Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында  әдеби  шара өтті.

Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы

2023 жылдың  7  қараша  күні қоғам және мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтың  125 жылдығына арналған «Қазақ даласының ұлтжанды тұлғасы» атты  тарихи кеш ұйымдастырылды.  Мақсаты: Темірбек Жүргеновтың өмір жолы мен ұлттық мәдениетімізді өркендету жолындағы ерен еңбегін насихаттау;

Сұлтан Бейбарыстың аңыз өмірі

2023 жылдың 3 қараша күні Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай ерлігін

Қазақпын деп мақтанамын»

2023 жылдың 30 қазан күні кітапхананың оқу бөлімінде  Ақын