Сыңғырла күміс қоңырау
25 мамыр оқу жылының аяқталуына байланысты "Сыңғырла күміс қоңырау" бейнеролик
25 мамыр оқу жылының аяқталуына байланысты "Сыңғырла күміс қоңырау" бейнеролик
Селфи с любимой книжкой
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаһандық әлемдегі замануи Қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында 2021 жылдың 18 мамыр күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Олжас Сүлейменовтің туғанына 85 жыл толуына орай қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Ғасыр адамы-Олжас Сүлейменов» атты әдеби кеш өткізілді.
7 мамыр Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылған күніне орай кітапхананың балалар бөлімі дайындаған «Мен болашақ сарбазбын» атты экспозиция көрмесін ұсынамыз. Мақсаты: Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету. Отанға деген сүйіспеншілік сезім қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.
7 мамыр – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күніне орай қаламыздың №2 жалпы білім беретін мектебінде «Айбынды азаматтар» атты патриоттық сағат өтті. Мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу, патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту. Іс-шараға 8 сынып оқушылары қатысты.
2021 жылдың 17 мамыр күні кітапханада қазіргі заманның ұлы ақыны, публицист, қажырлы қоғам қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Олжас Сүлейменовтің 85 жылдық мерейтойына арналған «Қайсар рухты ақын» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылды.
2021 жылдың 11 мамыр күні композитор, жазушы, өнер зерттеушісі, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халқымыздың ардақты азаматы Ілия Жақановтың 85 жасқа толуына орай «Ірі қаламгер» атты онлайн форматта поэзия кеші өткізілді.
2021 жылдың 15 мамыр күні кітапханада қазақ ақыны, драматург, аудармашы, сазгер Исраил Сапарбайдың туғанына 80 жыл толуына орай «Ақынның мәңгілік мұрасы» атты әдеби круиз өткізілді.
2021 жылдың 14 мамыр күні кітапханада ақын, драматург, сазгер Бәкір Тәжібаевтің туғанына 95 жыл толуына орай «Халық ақыны» әдеби оқу өтті.
2021 жылдың 23 сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Шоқтығы биік қаламгер» онлайн форматта әдеби кеш өткізілді.
26 сәуір күні оқырмандаға қызмет ету бөлімінде Чернобыль АЭС апатына 35 жыл толуына орай «Чернобыль жаңғырығы» тақырыбында ақпараттық сағаты өткізілді.
7 сәуір күні қазақ баспасөзінде өзіндік орны бар «Жас Алаш» газетіне 100
жыл толуына орай, кітапхананың оқу залында онлайн форматта «Жас Алаш" газетіне 100 жыл!» атты ақпараттық танымдық сағаты өтті.
2021 жылдың 28 сәуірінде балалар бөлімінде кітапханашы Г. Ермагамбетова Чернобыль АЭС-дағы апатқа 35 жыл толуына орай «Чернобыль – дерек, Чернобыль - қасірет» атты экология сағатын өткізді. Іс-шараға №2 ЖББМ 5-сынып оқушылары қатысты.
23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «Кітап-әлемнің жаршысы» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2021 жылдың 21 сәуір күні Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың туғанына 85 жыл толуына орай «Қалың елім қазағым» атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.