2022 жылдың 2 ақпан күні қазақтың суырып салма ақыны, әнші-композитор Әсет Найманбайұлының туғанына 155 жыл толуына орай «Өнер саңлағы» кітап көрмесі. Мақсаты: Әсет Найманбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат алу.
Ақын Зейнолла Шүкіровтың туғанына 95 жыл толуына орай «Сырдан шыққан алып жан» бейнеролик. Мақсаты: Зейнолла Шүкіровтың өмірін, жазған өлеңдері мен еңбектерін келер ұрпаққа ұғындыру.
2022 жылдың 7 ақпан күні ағылшын көрнекті жазушысы, ағылшын сөздігінің данышпаны Чарльз Джон Хаффем Диккенстің туғанына 210 жыл толуына орай «Чарльз Диккенс әлемі» кітап көрмесі. Мақсаты: ұлы жазушының өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру
Сахна саңлағы,өнердің патшайымы, КСРО халық әртісі,ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,ұлағатты ұстаз,профессор Шолпан Жандарбекованың туылғанына 100 жыл толуына орай «Өнер саңлағы» презентация
Аса көрнекті мемлекет қайраткері, үш мəрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, КСРО шет ел медалі мен ордендерінің иегері, ғалым Қонаев Дінмұхамед Ахметұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Қонаев-ұлы тұлға» виртуалды кітап көрмесі.
Қазақ ән өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Роза Бағлановаға биыл 100 жыл толып отыр. Осыған орай балалар бөлімінде «Қазақтың бұлбұлы» атты портрет көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірімен, шығармашылықтарымен таныстыру.
Биыл халық әртісі, танымал әнші Роза Бағланованың дүниеге келгеніне 100 жыл толып отыр. Осыған орай 2022 жылы 5 қаңтар күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қазақтың бұлбұлы-Роза» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: Қазақ халқының әншісі Роза Бағланова өмірі мен шығармашылығы жайлы, репертуарының сан-алуандығы, халық әндерін ғана орындап қоймай, өзге ұлт өкілдерінің өлеңдеріне ән салғандығымен таныстыру, қазақ халқының дәстүрлі әндеріне деген қызығушылықтарын ояту;
2022жыл «Балалар жылы» аясында орыс жазушысы, ақын, драматург Валентин Катаевтің туғанына 125 жыл толуына орай балалар бөлімі «Советский писатель и поэт» виртуалды кітап көрмесін ұсынады. Мақсаты: В.Катаевтың тұлғасы мен шығармашылығына қызығушылық тудыру.