2020 жылдың 4-5 ақпан күндері «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2020 жылғы атаулы күндер мен мерейтойларға орай ұйымдастырылған кітап көрмелердің таныстырылымы өтті.
Ұлтымыздың ұлы жолы, талайлы тағдыры, бай тарихы, бабалар өмірі, елдігіміз үшін әзіз жанын пида еткен ірі тұлғаларымыздың өнегелі ғұмыры бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылығы.