Кітапхана адамзаттың рухани азығы
2019 жылдың 15 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана адамзаттың рухани азығы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына қалалық №1,2 мектептің кітапханашылары қатысты. Бағдарламада семинардың міндет мен мақсаты белгіленді. Онда кітапханашылардың жаңа кәсіби сана-сезімін қалыптастыру, олардың кәсіби шеберлігін және креативті ойлау қабілетін шыңдау, ақпараттық мәдениетін дамыту, тәжірибе алмасу сияқты мақсаттар қойылған.