2017 жылдың 29 қарашасында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-нің балалар бөлімінде 1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «ХХІ- ғасыр індеті» атты әңгіме шолу өткізілді. Іс-шараға №1,2 мектептің 6-7 сынып оқушылары қатысты..
2017 жылдың 28 қарашасында 1-желтоқсан Президент күні қарсаңында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ-де «Тәуелсіздіктің нұры-тұңғыш Елбасы» атты танымдық сағат өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы мағлұмат беру, Президент күні туралы ұғым қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялату.
2017 жылдың 23 қараша күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафиннің 115 жылдығына орай «Ұлы жазушы-Ғабиден» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға №1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.
2017 жылдың 21 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Кеңес Одағының батыры, қазақтың қаһарман қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 95 жыл толуына орай «Ер мінезді - Мәншүк» атты ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс- шараға қаламыздың жастары және мектеп оқушылары қатысты.
2017жылдың 18 қазан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Рухани келісім күніне «Рухани келісім – бейбітшілік тірегі», «Рухани келісім- халық бірлігіне бастар жол», «Рухани келісім-басты байлығымыз» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхананың тұрақты оқырмандары мен оқушылар қатысты.
2017 жылдың 6 қазан айында «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Кітапхана- рухани жаңғыру жолында » кітапханашылар арасында қалалық семинар өтті. Семинарға қаламыздағы мектеп және әскери бөлім кітапханашылары қатысты
2017 жылдың 27 қыркүйегінде Приозерск қалалық кітапханасы коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған «Туған жер» жобасы аясында Қарағанды облысының тумасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің «Өмір, мен саған ғашықпын» қалалық әдеби-шығармашылық байқауын өткізді.
2017 жылдың 28 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның 85 жылдық мерейтойына орай «Қадірі бөлек қаламгер», «Қызыл жебе», «Жүз жыл жырлаған жүрек» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды.
2017 жылдың 22 қыркүйегінде «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде Қаз дауысты Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына орай «Тарихтағы ұлы тұлға» атты тарихи сағат өтті. Іс-шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары мен № 1 мектептің 10 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты:Қазыбек бидің өмірі, қызметі, даналықтары туралы білімдерін толықтыру. Би деген атауға түсінік бере отырып, қазақ халқының атақты билерінің ұрпақ келешегі үшін аянбай қызмет атқарғанын дәріптеу.
2017 жылдың 21 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне орай «Тіл мерекесі-ел мерекесі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс- шараға № 2 мектептің 8 сынып оқушылары( өзге ұлт өкілдері ) қатысты.
2017 жылдың 8 қыркүйек күні Приозерск қалалық кітапханасы КММ-де Халықаралық Отбасы күніне орай «Отбасы-бақыт мекенім» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатына №1 жалпы орта білім беретін мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысты.
2017 жылдың 15 қыркүйек күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кітапханашылары қаламыздағы № 1 қазақ орта мектебінде 11 сынып оқушыларының қатысуымен ақын Сырбай Мәуленовтың туылғанына 95 жыл толуына орай «Өлеңдеріндегі сыршыл сезім» атты әдеби кеш өткізді.
1 - қыркүйек Білім күніне орай «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ балалар бөлімінде «Білім – келешек кепілі» атты сурет көрмесі, оқырмандарға қызмет ету бөлімі «Білім-таусылмайтын байлық» атты презентация көрсетіліп, оқу бөлімінде «Менің мектебім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
1-4 қыркүйек күндері мұсылман жамағаты үшін қасиетті күндер. Яғни, құрбан айт мерекесі. Бұл күндері құрбандыққа мал шалынып, әрбір мұсылман шаңырағында шелпек пісіріледі, құран оқылады. Қастерлі мейрам аясында «Приозерск қалалық кітапханасы» КММ балалар бөлімі «Құрбан айт – қасиетті мереке» атты имандылық сағатын өткізді. Аталмыш шараға оқушылар және ата-аналар қатысты. Шара барысында, құрбан айт мерекесінің қадыр-қасиетті, шарттары, мағынасы түсіндірлді, арнайы слайд, бейнесюжет көрсетілді.