«Ұлы даланың тарихы»
«Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында 2019 жылдың 11 сәуір күні Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында «Ұлы даланың тарихы» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шара «№1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларымен өтті.