«Сейілтші,жүрек,мұңымды»
2017 жылдың 7 желтоқсан күні «Приозерск қалалық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу бөлімінде қаламыздың ақыны Хизирова Маржанкуль Хожабекқызының «Сейілтші, жүрек, мұңымды!» атты жыр кітабының тұсаукесер кеші өтті. Кешке № 1 мектептің 8-10 сынып оқушылары мен «Жас ақындар мектебі» мүшелері қатысты.
Кештің мақсаты: ақынның жыр жинақтарымен, өлеңдерімен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру.